«Әлемнің ешбір байлығы тастанды баланың көз жасына тұрмайды»

Әлемнің ешбір байлығы тастанды баланың көз жасына тұрмайды

Жанұяны қолдау қызметі

         Балалардың құқықтарын қорғау адамдардың құқықтарын қорғаудағы отандық тәжірибеде бөлек бағыт болап табылады, себебі бала жартылай жұмысқа қабілетсіз болып табылады – сондықтан да, өзін, өзінің құқықтары мен міндеттерін қорғай алмайтын бала тек ата-анасымен немесе оның заңды өкілдерімен ғана қамқорлыққа алынбауы керек.
        Балалар үйі жұмысының негізгі бағыттарының бірі баланың жанұяда тұрып, тәрбие алу құқығын жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатпен 2011 жылы балалар үйінің негізінде Жанұяны қолдау қызметі құрылған еді. Қызметтің басты мақсаты баланы жанұяға орналастырудың альтернативті формаларын дамыту арқылы оның жанұяда тұрып, тәрбие алу құқығын жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі таңда келесі формалары қолданылады: асырап алу, қамқорлыққа алу, патронатты тәрбие, қонақ жанұясының институты. Сонымен қатар балаларды қандас жанұяларына қайтару бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.
    Қызметтің жұмысы барысында – 61 бала жанұяға орналастырылды.
    Қандас жанұяға - 28 бала қайтарылды
    Асыранып алынғандары – 9
    Қамқорлыққа алынғандары – 15
    Патронатты тәрбиеге берілгені – 9
    Баланы жанұяға орналастырудың қонақ жанұясы секілді формасын дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қонақ жанұясы – бұл баланың жанұяда тұрақты тұруын ресімдемеу арқылы баланы жанұяға уақытша орналастыру формасы. Үш жақты келімімшартқа сәйкес бала жанұяға демалыс, мереке, демалыс (каникул) күндеріне беріле алады.
    Осы бағытта ҮЕҰ-мен жүргізілетін жұмысты да ерекше атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда «Сәттілікке апарар жол» жобасында «Дара» БҚ, «Құқық» қоғамымен бірлестікте «Шанс» орталығымен, «САД» орталығымен, «Болашақ» БҚ-мен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
    Осы жылы балалар үйінде «Жетім балаларға тәлімгерлік ету» қыран жобасы басталды. Бұл жоба «ДАРА» қорымен және «Бала жанұяда тұруы керек» (БЖТК) қоғамдық қозғалысымен бірге жүзеге асырылатын жоба болып табылады.
    Балалар үйі ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің «Жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастыру мен асыраудың қолданыстағы жүйесін қайта құру» республикалық жобасының қатысушысы болып табылады.